Украина Қырым көпіріндегі жарылысты мойындады
Шіл 09, 2023 17:35 Asia/Almaty
Украина Қорғаныс министрінің орынбасары 2022 жылдың күзінде Қырым көпірінің жарылуына Киевтің қатысы бар екенін мойындады.
Украина Қорғаныс министрінің орынбасары Хана Малиар өзінің Telegram парақшасында жариялаған хабарламасында 2014 жылы Қырым Мәскеуге қосылғаннан кейін төрт жыл өткен соң ашылған Қырым көпірі Ресейдің жеткізу желілерін үзу мақсатында нысанаға алынғанын жазды.
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның бұл әрекетін лаңкестік әрекет деп бағалады.
Бұған дейін Украина билігі бұл лаңкестік әрекет үшін тікелей жауапкершілікті өз мойнына алмағанымен, жанама түрде айтқан.