Раиси: Иран мен Кенияның ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар
ИИР Президенті Иран мен Кенияның ынтымақтастық үшін көптеген мүмкіндіктері бар екеніне тоқталып, екі ел арасындағы экономикалық қарым-қатынас көлемін қазіргі деңгейден 10 есеге арттыруды мақсат етіп отырғанын айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси Кения Президенті Уильям Рутомен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Иран Африка құрлығының барлық үкіметтерінің қолын қатты қысып жатыр және бұл қарым-қатынастар Иран мен Кения екі ел арасындағы күн сайын дами алады»,- деді.
Раиси Иран мен Кенияның әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттап: «Ислам революциясы мен Ислам революциясы жетекшісінің нұсқауларының арқасында Иран санкциялар мен қоқан-лоққыларға төтеп бере алды және әртүрлі ғылыми, технологиялық және экономикалық салалардағы алға ілгерлей алды»,- деп мәлімдеді.
Уильям Самои Руто да осы баспасөз мәслихатында Иран мен Кения арасындағы келісімдердің бір бөлігіне тоқталып: «Иран Кенияда көлік құрастыру зауытын құруы туралы келісімге келді және Кенияда суахили атаулары бар ирандық көліктерді шығарады»,- деді.