Раиси: Иран мен Зимбабвенің біржақтылық пен экстремизмге қарсы тұрудағы ұстанымдары ортақ
ИИР Президенті біржақтылыққа қарсы тұруды, шынайы адам құқықтарын қолдауды, экстремизмге, лаңкестік пен сепаратизмге, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұруды Иран мен Зимбабве арасындағы ортақ ұстанымдар деп атады.
IRNA-ның хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше түстен кейін Иран мен Зимбабвенің жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында ИИР-ның нақты және принципті саясаттары арасында біржақтылыққа қарсы тұруды атап, бүгінгі күні санкциялардың тәуелсіз мемлекеттер мен елдерге қысым көрсету үшін жау қолының құралы екеніне тоқталып, Иранның екі ел арасындағы тау-кен өнеркәсібі, техникалық және инженерлік қызметтерді экспорттау, ауыл шаруашылығы, ғылым мен технология, медициналық және фармацевтикалық құрал-жабдықтар мен өндірістік тауарлар алмасу салаларындағы сауда мен ынтымақтастықты дамытуға деген ерік-жігерін қуаттады.
Бұл отырыста Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва Американың Иранға қарсы қатыгез және біржақты санкцияларын айыптай отырып, екі елдің сауда және экономикалық қарым-қатынастарының деңгейін арттыруды санкциялармен күресудің тиімді жолы деп атады.