Путин: Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украинаның контр-шабуылынан күдер үзді
Ресей Президенті Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің жиналысында: "Киев үкіметінің Батыс демеушілері Украина армиясының контр-шабуылынан шынымен күдер үзді",-деп баса айтты.
Russia Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин осы жиналыста: "Украина армиясын батыстық қару-жарақпен қамтамасыз ету аяқталып келеді. Технологиялық қарым-қабілеттер оларды тез толтыруға кедергі жасап отыр",-деді.
Бұған дейін Батыс елдерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина контр-шабуылының алғашқы екі аптасында Киев майданға жіберген қару-жарақтардың кем дегенде 20 пайызы жойылды.
Ресей Президенті: "АҚШ саясаткерлері Украинада қақтығыстардың ұзаққа созылуынан пайда көреді, бірақ Украина халқының қырағылығы күн өткен сайын артып келеді. Еуропадағы қоғамдық пікір де өзгерді",-деді.