Зеленский: Одессаға жасаған шабуылы үшін Ресейден кек аламыз
Украина Президенті бір бейне жолдауда Ресейге ескерту жасап: "Украина Ресейден Одесса айлағына жасаған зымырандық шабуылы үшін кек алады",-деп сес көрсетті.
NDTV арнасының хабарлауынша, Зеленский: "Тыныш қалалар, тұрғын ұйлер мен шіркеулерге зымыран атылды. Одесса үшін ресейлік террористерден міндетті түрде кек алынады. Олар кекті терең сезінетін болады",-деді.
Украинаның оңтүстік әскери қолбасшылығы: "Ресей Одесса ауданын зымыранның бес түрімен нысанаға алды",-деп мәлімдеді.
Зеленский Ресейге қоқан-лоққы жасады. Бірақ статистикалық мәліметтер көрсеткендей, біраз уақыттан бері жарналамаланып келген Киевтің Ресей позицияларына контр-шабуылы айтарлықтай нәтиже бермеді. Батыс демеушілерінің көбі Украина Ресейге қарсы шабуылда ілгерілей алмайды деп болжаған болатын.