Бүгін Ашура күні
Бүгін (жұма) хижраның 1445 жылы мұхаррам айының оныншы күні (28 шілде 2023 ж.) - Ашура күні.
Мұхаррам айының 10-шы күні – шәһидтердің жетекшісі, шиіттердің үшінші имамы хазірет Имам Хұсейн (ғ.с.) хижраның 61-ші мұхаррам айының 10-ында Кербалада 57 жасында шәһид болған күні.
Имам Хұсейн (ғ.с.) Кербала оқиғасы болған күні және Меккеден Кербалаға бара жатқан жолда, шәһид болғанша дейін: «Менің мақсатым – Язидтің Исламға қарсы үкіметін әшкерелеу, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендіру, зұлымдыққа қарсы тұру, қасиетті Құранды қолдап, Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Ислам дінін сақтап қалу», - деп ашық айтты.
Бұл Алла Тағаланың имам Хұсейнге (ғ.с.) тапсырған миссиясы еді және ол үшін имам (ғ.с.) адал серіктерімен бірге Ашура күні түскі намазды оқығаннан кейін шәһид болды.