Нигерияда қауіпсіздік күштері имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға шабуыл жасады
Шіл 29, 2023 19:32 Asia/Almaty
Нигерия армиясы мен полициясы ел астанасы Абуджа қаласында имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға әскери оқ атып, оларды таратты. Аза тұтушылардың бірқатары қамауға алынды.
Кадуна мен Зария қалаларында да Нигерияның қауіпсіздік күштері имам Хұсейнді (ғ.) аза тұтушыларға шабуыл жасап, оларды таратып жіберді.
Мәліметтер бойынша, биыл мұхаррам айында Нигерияның 500-ден аса қаласы мен ауылында әлем шиіттерінің үшінші имамы хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдері өтті.
Былтыр да Нигерияның қауіпсіздік күштері хазірет Хұсейнді (ғ.) аза тұту рәсімдеріне шабуыл жасап, Аһл-е бейтке ғашық ондаған шиітті шәһид етіп, бірқатарын жаралаған болатын.