Ислам ынтымақтастық ұйымы Нигер Президентінің азат етілуін талап етті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i71448-Ислам_ынтымақтастық_ұйымы_Нигер_Президентінің_азат_етілуін_талап_етті
Ислам ынтымақтастық ұйымы сенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Нигер Президенті Мұхаммед Базумның азат етілуін талап етті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 30, 2023 18:53 Asia/Almaty
  • Ислам ынтымақтастық ұйымы Нигер Президентінің азат етілуін талап етті

Ислам ынтымақтастық ұйымы сенбі күні кешке мәлімдеме жасап, Нигер Президенті Мұхаммед Базумның азат етілуін талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Ибрахим Таха өз мәлімдемесінде Нигердегі өзгерістерге алаңдаушылық білдіріп: "Бұл ұйым күшпен билікті басып алуға бағытталған кез келген талпынысты қатаң айыптайды",-деді.

Ол демократиялық жолмен Нигердің қалаулы президенті болған Базумды азат етуді талап етумен қоса, осы елде конституциялық жүйенің қайта орнауы керегін айтты.

Нигер Президентінің күзет күштері өткен сәрсенбіде өз басшысы Мұхаммед Базумды оның резиденциясында тұтқынға алып, лауазымынан босатты.

Нигердің төңкерісшілері жұма күні генерал Абдурахман Чианиды өтпелі кеңестің төрағасы етіп тағайындады.