Иранның Қытайға мұнай экспорты үш есе артты
(last modified Sun, 30 Jul 2023 17:14:12 GMT )
Шіл 30, 2023 23:14 Asia/Almaty
  • Иранның Қытайға мұнай экспорты үш есе артты

Кеплер институты өткен үш жылда Иранның Қытайға мұнай экспортының үш есе артқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кеплер институты бір есебінде: "Өткен үш жылда Иран мұнайын Қытайға экспорттау көлемі үш есе артып, күніне 324 мың баррельден шамамен 1 млн баррельге жетті",-деп хабарлады.

Осы мәлімет бойынша, 2017-2018 жылдары Иранның Қытайға мұнай экспорты сәйкесінше күніне 692 мың және 746 мың баррель болды. АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін 2019 жылы мамырда Иран мұнайын сатып алуға берілген мұрсат аяқталғаннан соң Қытайға мұнай сату көлемі айтарлықтай азайды. 2019-2020 жылдары сәйкесінше күніне 466 мың және 324 мың баррельге азайды.

Осы мәлімет бойынша, Иран мұнайының экспорты 2021 жылы 585 мың баррель, 2022 жылы 766 мың баррель болса, ал 2023 жылы шамамен 1 млн баррельге жетті.