Мәскеу: Украинаның лаңкестік тәсілдері бейбіт келісімді кейінге шегереді
(last modified Wed, 02 Aug 2023 17:24:50 GMT )
Там 02, 2023 23:24 Asia/Almaty
  • Мәскеу: Украинаның лаңкестік тәсілдері бейбіт келісімді кейінге шегереді

Ресей СІМ-нің баспасөз хатшысы кейінгі кезде осы елге жасалған шабуылдарға тоқталып: "Киев режимінің лаңкестік тәсілдерді пайдалануы – Украина дағдарысын ушықтырып, бейбіт келісімді кейінге шегеретін фактор",-деді.

Ресейге қарсы шабуылдардың жалғасында сейсенбі күні Мәскеудің үш министрлік орналасқан сауда ауданындағы бір ғимарат үш күнде екінші рет дрондар шабуылына ұшырады. Ресей Украинаның бұл талпынысын лаңкестік шабуыл деп атады.  

Осы шабуылдан кейін Украина Президентінің кеңесшілерінің бірі: "Мәскеу бұдан да көп дрондар шабуылы мен соғысты күтсін",-деді.

Захарова баспасөз отырысында: "Батыс демеушілері Украинаға берген қару-жарақтар мен құрал-жабдықтар көбіне лаңкестік шабуылдар үшін пайдаланылады. Сондықтан олар осы қылмыстарға тікелей қатысты",-деді. 

Тегтер