Иран Ресейдің тауарларын транзиттеуді 700 пайызға арттыруға дайын
Иран теміржол компаниясының директоры: "Иран Ресейдің тауарларын транзиттеу көлемі былтырмен салыстырғанда 70 пайызға артты. Бұл көлемді 700 пайызға жеткізуге дайынбыз ",-деді.
Сейіт Мейад Салехи Ресейдің теміржол компаниясы басшысының орынбасары Сергей Павловпен ортақ жиналысында: "Иранда жүк транзиттеу мейлінше аз уақытта жүзеге асырылуы керек. Вагонның кешігуі теңіз жолының темір жолдан артықшылыққа ие болуына себеп болады",-деді.
Ол: "Осы бәсекелестікте біз Ресеймен әріптесе отырып, теміржол тасымалының бағасы мен уақытын азайтуымыз керек. Бұл мақсаттың бір бөлігі Ресейдің талпыныстарымен орындалады, ал басқа бір бөлігі Иранда қарастырылуы керек",-деді.
Ол: "Ресей теміржол тасымалына қатысты міндетінен бөлек, бұл бағытты жарнамалап, жүк жіберушілерге жеңілдік береді деп үміттенеміз",-деді.