Амир Абдуллахиан: Сербиямен қарым-қатынасты дамытуға еш кедергі жоқ
Там 06, 2023 15:10 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Сербия Сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесуінде: "Иран үшін Сербиямен қарым-қатынасты дамытуға еш кедергі жоқ",-деді.
Амир Абдуллахиан Сербия Сыртқы істер министрі Горан Алексичпен кездесуінде екі елдің қарым-қатынасын жақсы әрі даму үстінде деп сипаттады.
Иран Сыртқы істер министрі екі ел басшыларының барыс-келісі, соның ішінде Сербия Парламентінің төрағасы Владимир Орличтің Теһранға сапарына тоқталып: "Иран үшін Сербиямен қарым-қатынасты дамытуға еш кедергі жоқ",-деді.
Тегтер