Ресейге келетін туристер саны 130 пайызға артты
Там 08, 2023 06:07 Asia/Almaty
Шетелдік туристердің Ресейге сапары 2023 жылдың бірінші жартысында 130 пайызға артып, 187 мың адамнан асты.
Қауіпсіздік қызметінің статистикалық мәліметтері бойынша, шетелдік туристердің Ресейге сапары 2023 жылдың бірінші жартысында былтырғы жылдың алғашқы жартысымен салыстырғанда 130 пайызға артып, 187 мың адамнан асты.
Осы аралықта Ресейге бәрінен көп қытайлық туристер келген. Одан кейін рейтинг бойынша Түркия, Германия, Түркіменстан мен Иран азаматтары тұр. Ресейге келетін туристердің үздік ондығына аталған елдермен қатар Қазақстан, Польша, Қырғызстан Үндістан және БАӘ азаматтары кіреді.