Амир Абдуллахиан: Иран өз құқықтары толы орындалғанға дейін талпыныстарын жалғастыра береді
(last modified Sat, 12 Aug 2023 13:36:21 GMT )
Там 12, 2023 19:36 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Иран өз құқықтары толы орындалғанға дейін талпыныстарын жалғастыра береді

Иран Сыртқы істер министрі: "Заңсыз санкцияларды залалсыздандыру үдерісін жалғастырумен қоса, ешқашан дипломатия мен келіссөздер жолынан тайған емес. Иран өз құқықтарын толық орындап, қорытынды нәтижеге жеткенге дейін талпыныстарын жалғастыра береді",-деді.

Амир Абдуллахиан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында: "Раиси үкіметінің жұмысының басынан-ақ ұлттық мүдделерді қорғау мен халықтың құқықтарын максималды түрде орындау үшін қарқынды дипломатия жолын ұстанып келеді",-деп жазды.

Бейсенбі күні кешке, 19 мордадта Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ тарапынан бірнеше жылға заңсыз бұғатталған ИИР-дың бірнеше миллиард долларын босату үдерісі басталды",-деп хабарлады.  

 

Тегтер