Путин басқа елдермен әскери ынтымақтастыққа дайын
Там 15, 2023 00:47 Asia/Almaty
Ресей Президенті Владимир Путин Мәскеуде өткен "Армия-2023" әскери-техникалық форумына қатысушыларға хат жолдады.
Владимир Путин осы жолдауда: "Ресей өз мүдделерін қорғағысы келетін барлық елдермен әскери-техникалық салада әріптестік жасауға дайын",-деді.
Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу осы форумда сөйлеген сөзінде: "Ресейде жасалған қару-жарақтар Украинада өзінің тиімділігін көрсетті",-деді.