Беларусь басқыншыларға қарсы ядролық қару қолданылатынын ескертті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i71842-Беларусь_басқыншыларға_қарсы_ядролық_қару_қолданылатынын_ескертті
Беларусь Президенті елге жасалған кез келген шабуылға барлық қарулармен, соның ішінде ядролық қарулармен шұғыл жауап беретінін айтып: "Украина соғысының алдын алуға болушы еді",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 19, 2023 21:23 Asia/Almaty
  • Беларусь басқыншыларға қарсы ядролық қару қолданылатынын ескертті

Беларусь Президенті елге жасалған кез келген шабуылға барлық қарулармен, соның ішінде ядролық қарулармен шұғыл жауап беретінін айтып: "Украина соғысының алдын алуға болушы еді",-деді.

Александр Лукашенко украин тілшісіне берген сұхбатында Беларусьтың Украина мен Ресей соғысына қатысты позициясын түсіндіріп, Польша мен НАТО, әсіресе Балтық елдерімен текетіресті баяндады.

Беларусь Президенті: "Кез келген басқыншылыққа жауап өте көп болады. Біз олармен бәсекелеспейміз. Бұған қарамастан, біз оларға ауыр соққы береміз. Олар ақырында көп шығынға ұшырайды",-деді.

Лукашенко: "Беларусьқа басқыншылық жасалмаса, осы елде орналасқан Ресейдің ядролық қаруларын пайдаланбаймыз. Бірақ егер шабуыл жасалса, Беларусь ойланып тұрмайды, өзінің бар арсеналын қолданады",-деді.