Беларусь басқыншыларға қарсы ядролық қару қолданылатынын ескертті
Беларусь Президенті елге жасалған кез келген шабуылға барлық қарулармен, соның ішінде ядролық қарулармен шұғыл жауап беретінін айтып: "Украина соғысының алдын алуға болушы еді",-деді.
Александр Лукашенко украин тілшісіне берген сұхбатында Беларусьтың Украина мен Ресей соғысына қатысты позициясын түсіндіріп, Польша мен НАТО, әсіресе Балтық елдерімен текетіресті баяндады.
Беларусь Президенті: "Кез келген басқыншылыққа жауап өте көп болады. Біз олармен бәсекелеспейміз. Бұған қарамастан, біз оларға ауыр соққы береміз. Олар ақырында көп шығынға ұшырайды",-деді.
Лукашенко: "Беларусьқа басқыншылық жасалмаса, осы елде орналасқан Ресейдің ядролық қаруларын пайдаланбаймыз. Бірақ егер шабуыл жасалса, Беларусь ойланып тұрмайды, өзінің бар арсеналын қолданады",-деді.