Ресей Украина дронының Мәскеуге шабуылын залалсыздандырды
(last modified Sun, 20 Aug 2023 14:58:49 GMT )
Там 20, 2023 20:58 Asia/Almaty
  • Ресей Украина дронының Мәскеуге шабуылын залалсыздандырды

Мәскеу әкімі: "Бүгін таңертең Украина армиясының дрондар шабуылы Ресей армиясының әуе-қорғаныс кешені тарапынан залалсыздандырылды",-деп хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігі осы туралы: "Жексенбі таңертең сағат 04:00 Мәскеудің Останкино ауданының көгінде бір басқыншы дрон анықталып, электронды соғыс құралымен нысанаға алынып, адам тұрмайтын бос ауданға құлатылды. Ешқандай шығын болған жоқ",-деп хабарлады.

Бүгін таңертең Украина дронының шабуылынан кейін Мәскеудің оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы Внуково мен Домодедово халықаралық әуежайлары сақтық шарасы ретінде барлық рейстерді уақытша тоқтатты.

Тегтер