Иран BRICS-ке тұрақты мүше болды
Иран Президентінің саяси істер жөніндегі орынбасары ИИР-дың BRICS-ке тұрақты мүше болып қосылғанын хабарлады.
Мұхаммед Джамшиди әлеуметтік желідегі өз парақшасында: "ИИР BRICS-ке тұрақты мүше болып қосылды",-деді.
Иран Президентінің саяси істер жөніндегі орынбасары: "Әлемде дамушы экономикалар тобына тұрақты мүше болу – ИИР-дың сыртқы саясаты үшін бір тарихи даму әрі стратегиялық жетістік. Ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқын осы жетістікпен құттықтаймын",-деді.
BRIC тобын құру идеясы 1990 жылдардың аяғында АҚШ-тың біржақтылығы шарықтау шегіне жеткен кезде 4 дамушы экономикалық алпауыт – Бразилия, Ресей, Қытай мен Үндістан тарапынан құрылды.
Бұл топтың тарихы 4 құрылтайшы мүшенің қатысуымен 2001 жылы басталды. 2009 жылы 16 шілдеде BRIC ұйымы ресми түрде құрылды. 2010 жылы 21 қыркүйекте осы ұйымға ОАР қосылды. Одан кейін топтың атауы "BRIC"-тен "BRICS" (БРИКС) болып өзгерді.