Раиси: Иран BRICS-тың доллардан бас тарту шараларын қолдайды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i71924-Раиси_Иран_brics_тың_доллардан_бас_тарту_шараларын_қолдайды
ИИР Президенті BRICS басшыларының 15-ші саммитінде: "Иран BRICS-тың доллардан бас тарту шараларын қолдайды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 25, 2023 17:36 Asia/Almaty
  • Раиси: Иран BRICS-тың доллардан бас тарту шараларын қолдайды

ИИР Президенті BRICS басшыларының 15-ші саммитінде: "Иран BRICS-тың доллардан бас тарту шараларын қолдайды",-деді.

Иран Президенті кеше BRICS басшыларының 15-ші саммитінде сөйлеген сөзінде: "Иран BRICS-тың мүше елдер арасындағы экономикалық қатынастан долларды алып тастап, ұлттық валюталарды пайдалану және осы топтың төлем жасау механизмдерін нығайтуға бағытталған табысты талпыныстарын батыл түрде қолдайды",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Раиси Иранның BRICS-ке мүше болып кіруінің тарихи мәні барын айтып: "Бұл мүшелік халықаралық сахнада әділет, ынсап, ақлақ және тұрақты бейбітшілік орнату жолында жаңа тарау мен мықтырақ қадам болады",-деді.

Раиси: "Иранның теңдессіз әлеуеттері бар. Біз осы топ аясында саясат, қауіпсіздік, экономика, қаржы және қоғам салаларында әріптестік жасауға дайынбыз",-деді.