Украинадағы соғыс Американың 43 миллиард доллардан астам активтерін жұтты
АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Вашингтонның Украинаға соңғы әскери көмегін жібергеннен кейін бұл шығындардың саны 43 миллиард доллардан асқанын айтты.
Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Кэтлин Хикс, Ұлттық қорғаныс өнеркәсібі қауымдастығының конференциясында: "Ресейдің Украинаға қарсы соғысы басталғалы бері 18 ай ішінде біз Украинаға 3,1 миллионнан астам зымыран, миномет және артиллериялық снарядтар жібердік, бұл Киевке жіберілген оқ-дәрілердің төрт түрі ғана",- деді.
2024 жылғы АҚШ президенттік сайлауына Республикалық партиядан үміткер Вивек Рамасвами: "Украинадағы соғыс АҚШ-тың мүддесіне сай емес, егер Вашингтон араласпай, енді Украинаға қаржылық қолдау көрсетпейтінін мәлімдемесе, бұл елдегі соғыс аяқталады",- деп тоқталды.