Катарда 3 ирандық тұтқынды босату туралы үкім шықты
(last modified Thu, 31 Aug 2023 10:15:19 GMT )
Там 31, 2023 16:15 Asia/Almaty
  • Катарда 3 ирандық тұтқынды босату туралы үкім шықты

Катардағы ИИР-дың елшісі бұл елде 3 ирандық тұтқынды босату туралы үкім шығарылғанын хабарлады.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Катардағы Иран елшісі Хамидреза Деһқани сәрсенбі күні кешке: "Елшілік қызметкерлері және Катардың жауапты басшыларының талпыныстары арқасында үш отандасымызды (Юсеф П., Абдурахман П., Фархад Ш.) босатуға үкім шығарылды",-деді.

Иран елшісі бұл азаматтардың қамауға алынған себебі туралы: "Олар Катардың территориялық суларына абайсызда кіргендіктен қамауға алынған. Алдағы күндері Иранға қайтып оралады",-деді.

Хамидреза Деһқани: "Басқа тұтқындарды босату жайлы кеңестер жалғасып жатыр",-деді.

Тегтер