Бейжің: АҚШ әлем үшін ең үлкен ядролық қауіп
Қыр 01, 2023 10:06 Asia/Almaty
Қытай Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Американың агрессивті ядролық тежеу саясаты бар бірінші ел екенін айтып, Вашингтон өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін кез келген әдіске баратынын мәлімдеді.
Бұл қытайлық әскери шенеунік: «АҚШ агрессивті ядролық тежеу саясатын ұстанған бірінші ел болып табылады және ұрыс даласында қолдану үшін ядролық қаруды миниатюризациялауды ілгерілетуге үлкен қаражат салуды жалғастыруда»,- деді.