Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес отставкаға кетті
https://parstoday.ir/kz/news/world-i72010-Ұлыбритания_Қорғаныс_министрі_Бен_Уоллес_отставкаға_кетті
Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі қорғаныс министрі Бен Уоллестің отставкаға кеткенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 01, 2023 10:14 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес отставкаға кетті

Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі қорғаныс министрі Бен Уоллестің отставкаға кеткенін хабарлады.

 

4 жыл бұрын қорғаныс министрі ретінде британ үкіметінде болған Бен Уоллес, НАТО бас хатшысы лауазымына сайлана алмаған соң, жақында саясаттан кететінін жариялады.

Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, Уоллес Лондонның Киевке қолдау көрсетуінде маңызды рөл атқарған және оның кезінде Ұлыбритания Украинаға жеті миллиард доллардан астам әскери көмек көрсеткен. Ұлыбритания премьер-министрі кеңсесінің мәлімдемесіне сәйкес, осы елдің Энергетика министрлігін басқарған  Грант Шаппс Қорғаныс министрі болып тағайындалды.