Лавров: Украинаның бейбітшілік жобасын қабылдауға болмайды
Ресей Сыртқы істер министрі Мәскеуде түрік әріптесі Хакан Фиданмен ортақ баспасөз мәслихатында: «Украинаның бейбітшілік жобасын қабылдауға болмайды»,- деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров түрік әріптесі Хакан Фиданмен Мәскеуде өткізген ортақ баспасөз мәслихатында Ресей мен Түркия арасындағы сауда көлемінің өткен жылы 60 миллиард доллардан асқанын айтты. Ол: «Түркия Сыртқы істер министрімен кездесуде осы елге және Сирияға екі ел арасындағы саяси қарым-қатынастарды қалпына келтіруге көмектесуді талқыладық. Біз Украинадағы жағдайды да талқыладық. Ресей Украина президентінің бейбітшілік жоспарын қабылдауға болмайды деп санайды. Біз Түркия билігіне өз шарттарымызды және астық келісімін қалпына келтіру үшін Батыстың не істеуі керектігін айттық»,- деп мәлімдеді. Лавров Түркияның тәуелсіз сыртқы саясатын мақтап: «Батыстың бұл саясатты бұзуға тырысып жатқанын жақсы білеміз»,- деп тоқталды.