Ресей астанасына қайталанған украиндық ұшқышсыз ұшақ шабуылына тойтарыс берілді
Қыр 01, 2023 11:22 Asia/Almaty
Ресейлік БАҚ бүгін (жұма күні) таңертең Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланған лаңкестік әрекет туралы хабарлады.
Бірнеше минуттан кейін Мәскеу мэрі Сергей Собянин осы қаланың шетіндегі Люберцы ауданына ұшқышсыз ұшақтың шабуылын ресейлік күштердің тойтарыс бергенін және ешқандай материалдық және адам шығыны болмағанын мәлімдеді.
Бүгінгі шабуыл соңғы күндері соғысты Ресей территориясына апаруға тырысып жатқан украиналық әскерилердің ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып ресейлік нысандарға жасаған диверсиялық және лаңкестік әрекеттерінің жалғасы болып табылады.