Maм 10, 2016 21:21 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Батыстың лаңкестерге тосқауыл қоюдағы бағыт- бағдары бұрыс

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы АҚШ пен Батыстың лаңкестерге тосқауыл қоюдағы бағыт- бағдарын бұрыс деп атады.

ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Теһранда Германия Сыртқы істер министрінің орынбасары Маркус Эдерді қабылдауында: "ИИР барлық елдердің кез- келген лаңкестік шарамен шынайы түрде күресуін қалайды" деді.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы аймақтағы күрделі жағдайға сілтеме жасап, Батыс және Американың лаңкестерді ұстамшыл және әсірешіл деп бөлуін тарихи қателік деп атап: "Бөлініс аймақтағы лаңкестік қауіпті шараларды ақтау болып табылады. АҚШ және Батыс Таяу Шығыс аймағындағы лаңкестерге қолдау көрсетуді күн тәртібіне қойып отыр. Осы қолдаулардың орны толмас салдарлары болады" деді.

Тегтер