Сауд Арабиясында Иранның жаңа елшісі өз жұмысын бастады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i72052
Сауд Арабиясында Иранның жаңа елшісі эр-Риядқа сапар алдында Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, осы елмен қарым-қатынас саласында алдағы жоспарлар жайлы есеп берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 03, 2023 14:11 Asia/Almaty
  • Сауд Арабиясында Иранның жаңа елшісі өз жұмысын бастады

Сауд Арабиясында Иранның жаңа елшісі эр-Риядқа сапар алдында Иран Сыртқы істер министрімен кездесіп, осы елмен қарым-қатынас саласында алдағы жоспарлар жайлы есеп берді.

Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан осы кездесуде тату көршілестік саясатын дамытып, тереңдету керегіне тоқталып, екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін ескере отырып, Иран мен Сауд Арабиясы арасында қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Әлиреза Инаяти  бұрын эр-Риядтағы Иран елшісінің орынбасары, Кувейттегі Иран елшісі, Сыртқы істер министрінің көмекшісі және Парсы шығанағы елдері департаментінің директоры болды.