АҚШ-тан Украинаға төмен байытылған уран жөнелту сынға алынды
БҰҰ АҚШ-тың Украинаға төмен байытылған уран қосылған оқ-дәрілерді жөнелту туралы шешімін сынға алды.
БҰҰ Бас хатшысының баспасөз өкілінің орынбасары Фархан Хақ брифингте: "БҰҰ әлемнің кез келген жерінде төмен байытылған уран қосылған оқ-дәрілердің пайдалануына әрқашан алаңдаушылық білдіріп келеді",-деді.
АҚШ-тың ABC News телеарнасының тілшісі өз мақаласында Украинаға қару-жарақ жөнелтуді сынап: "Мұндай қару-жарақтарды пайдалану ұдайы дау тудырады. Өйткені бұл адамдардың денсаулығына орасан зор қатер төндіреді. Оның әсері ұзақ жылдар бойы қоршаған ортада қалады",-деді.
АҚШ ақпарат құралдарының хабарлауынша, осы күнге дейін АҚШ Украинаға жалпы 43 млрд доллар тұратын қару-жарақ жіберді. Жуырда тағы әскери көмекке 1 млрд доллар бөлуді көздеп отыр.