Блинкен: Украинаға не керек, бәрін береміз
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Киевке сапарында: "Вашингтон Ресейге қарсы тұру жолында Украинаны қолдауды жалғастырады. Украинаға не керек, бәрін береміз",-деді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Киевке сапарында Вашингтон үкіметінің Украинаны Ресейге контр-шабуылда қолдайтынын білдіріп: "Вашингтон Киев үкіметін мықты қолдаушысы барына сендіргісі келеді"-деді.
Мәліметтер бойынша, Ресейдің Киевке жасаған жаңа әуе шабуылынан бірер сағат өткеннен кейін Блинкен осы қалаға келді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің қызметкерлерінің бірі: "Блинкен Киевке екікүндік сапарында АҚШ-тың Украинаға құны 1 млрд доллардан асатын жаңа әскери көмек жөнелтетінін жариялауы мүмкін",-деді.