Ресей Армения елшісін шақыртты
Қыр 09, 2023 13:55 Asia/Almaty
Ресей Сыртқы істер министрлігі нотасында Армения Ұлттық жиналысының спикері Симонянның 6 қыркүйекте Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захароваға тіл тигізген сөздерін айыптады.
Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: "Армения билігінің АҚШ-пен бірлескен әскери жаттығулар өткізу жоспары алаңдаушылық туғызуда және бұл Кавказ аймағындағы тұрақсыздықты күшейтеді. Мәскеу осыған байланысты қолда бар ақпаратты талдап, жағдайды мұқият бақылауда",- деді.