Қыр 12, 2023 16:47 Asia/Almaty

Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі Құран Кәрімге құрметсіздік көрсетуді әлемнің әртүрлі аймақтарындағы мұсылман халықтарына жасалған шабуыл деп бағалады.

Абуджадағы Iran Press тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында шейх Ибрахим Закзаки: "Сөз бостандығын сылтауратып Құран Кәрімді жағуды қолдайтын кез келген еуропалық елге қарсы ислам елдері шешуші шаралар қабылдауы керек",- деп мәлімдеді. Нигерия Ислам қозғалысының жетекшісі Құранды жағудың Еуропада неліктен орын алатынына тоқталып: "Олар Құран Кәрім – Алла Тағаланың жалғыз хабары екенін және оның өзгеруі мен бұрмалануы мүмкін емес және бұл илаһи кітап бүкіл адамзатты құтқаратын жалғыз жол екенін түсінді. Батыстықтар Құран Кәрімнің мұсылмандар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінді және Ислам үмбетінің бұл илаһи кітапқа жақын болуы, оны ешкім өзгерте алмайтынын білдіреді, Құран Кәрімді өзгерту мүмкін емес",- деп баса айтты.

 

 

Тегтер