Иран мен Қырғызстанның экономикалық ынтымақтастығы дамытылады
Қырғызстанның Сауда және экономика министрі Бішкекте ИИР-дың Сауда, кен және өнеркәсіп министрінің орынбасарымен кездесіп, сұхбаттасты.
Қырғызстанның Сауда және экономика министрі осы кездесуде: "Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болып кіруі түрлі салаларда екіжаққа пайдалы ынтымақтастықты одан ары кеңейтуге жағдай жасады",-деп үміт білдірді.
Бұл кездесуде тараптар екі елде бар потенциалды пайдалануға қызығушылық білдіріп, Иран мен Қырғызстанның сауда, экономика, ғылым, техникалық және мәдени ынтымақтастық саласындағы бірлескен үкіметаралық комиссиясының он үшінші отырысына дайындалуға қатысты мәселелерді талқылады.
Екі елдің басшылары сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективасының негізгі бағыттарын талқылап, пікір алмасты.