Иран Президенті Пәкістанда болған лаңкестік шабуылды айыптады
Қыр 29, 2023 21:03 Asia/Almaty
Раиси Пәкістанның Белуджистан облысында болған лаңкестік әрекетті айыптап: "Бұл шабуыл лаңкестердің ислам дінінің рақымшыл тағылымдарынан алыс екенін, мақсаты тек мұсылмандар арасына іріткі салу екенін көрсетті. Әрине бұл жолы да өзінің заңсыз және антигуманистік мақсатына жете алмайды",-деді.
Пәкістанның оңтүстік-батысында орналасқан Белуджистан облысындағы бір мешіттің жанында болған жарылыстан 52 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды.