Алдағы бірнеше күнде француз күштері Нигерден шығарылады
(last modified Thu, 05 Oct 2023 12:56:41 GMT )
Қаз 05, 2023 18:56 Asia/Almaty
  • Алдағы бірнеше күнде француз күштері Нигерден шығарылады

Бір ай бұрын Нигердің әскери кеңесі Франция елшісі мен әскерилерін елден шығару туралы қаулы шығарды. Өткен сәрсенбіде Нигердегі Франция елшісі елден шықты.

Франция Президенті осы ел әскерилерінің күздің аяғына дейін Нигерден шығатынын жариялады. Бірақ Нигер халқы француз күштерінің тез арада кетуін талап етіп, осы елдің әскери базасының алдына жиналды.

Нигер – Батыс Африка аймағында француз күштерінің шығуын талап етіп отырған үшінші ел. Осы уақытқа дейін Мали мен Буркина-Фасо француз күштерінің өз территорияларынан шығуын талап етті. Батыс және  Орталық Африка елдері ұзақ уақыт бойы Францияның отарында болған. Бұл елдер тәуелсіздікке жеткеннен кейін де Францияның ықпалында қалып отыр.

 

Тегтер