Газа мәселесінде адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың шынайы келбеті көрінді
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы Газаның жағдайына тоқталып: "Бүгінде біз Газадағы қанды қырғыннан адам құқығын қорғаушымыз деп уәж айтушылардың екіжүзді келбетін бұрынғыдан да айқын көрдік",-деді.
Канани: "Палестиналықтар – әлемде ең көп жапа шеккен халық. Бүгін біз Палестина ұлтының ерлігі мен мазлұм зарын жапа шеккен палестиналық қыздардың сөздерінен және Газа балаларының қанға бөккен жүздерінен көреміз",-деді.
Канани: "Газада болған оқиға – соғыс қылмысы. Ал бұл қатыгездіктің жалғасуы аймақтағы жағдайды ушықтырып, бақылаудан шығаруы мүмкін",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Мұндай адамгершілікке жатпайтын саясат жалғасқан жағдайда кез келген нәрсе болуы мүмкін. Қарсыласу қозғалысы сионистердің қылмыстарына көз жұма қарамайды",-деді.