The Wall Street Journal: Газаның әл-Момадани ауруханасы америкалық бомбалармен бомбаланды
The Wall Street Journal сәрсенбі күні таңертең: "Газаның әл-Момадани ауруханасына түскен бомба – америкалық бомба",-деп паш етті.
The Wall Street Journal-дың хабарлауынша, Газаның әл-Момадани ауруханасы МК-84 америкалық бомбасымен бомбаланды.
АҚШ-та жасалған бұл көпмақсатты бомбаның салмағы – шамамен 1 тонна. Оның жойғыш күші зор.
Al-Alam арнасы тілшісінің хабарлауынша, әл-Момадани ауруханасында 4 мың адам, соның ішінде науқастар, дәрігерлер мен мыңдаған босқын бар еді. Босқындар бомбадан қашу үшін аурухананы паналаған болатын. Кеше кешке сионистік режим осы аурухананы бомбалап, 500-ден аса адамды шәһид етті.
Әл-Мамадани ауруханасы Палестинадағы Әл-Момадани баптистер шіркеуіне тиесілі. Ол көне ауруханалардың бірі саналады.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газадағы баспасөз өкілі доктор Ашраф әл-Қадра Facebook-тегі жеке парақшасында пост жариялап: "Құрбандардың көбі – әйелдер мен балалар. Оларды анықтау мүмкін емес. Мүрделердің көбінің басы жоқ немесе денелері бөлшектеніп қалған",-деді.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз өкілі: "Құрбан болғандар мен жараланғандар санының көптігі сондай, медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем оларға жетіспей жатыр",-деп еске салды.