Пентагон: Йеменнен атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік
https://parstoday.ir/kz/news/world-i73156
АҚШ Қорғаныс министрлігі Йемен жағалауында бір америкалық әскери кемеге зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлап: "Йеменнің Ансаролла тобы тарапынан атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік. Олар Израильге бағытталған болуы мүмкін",-деп уәж айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 20, 2023 18:38 Asia/Almaty
  • Пентагон: Йеменнен атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік

АҚШ Қорғаныс министрлігі Йемен жағалауында бір америкалық әскери кемеге зымырандық шабуыл жасалғанын хабарлап: "Йеменнің Ансаролла тобы тарапынан атылған бірнеше зымыран мен дронды атып түсірдік. Олар Израильге бағытталған болуы мүмкін",-деп уәж айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ Қорғаныс министрлігінің баспасөз өкілі бейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "Йеменге жақын жердегі бір америкалық кемеге қарай атылған бірнеше хусилік дронға төтеп бердік",-деді.

Пентагонның баспасөз өкілі: "USS Carney эсминецінің экипажы Йеменнен ұшырылған 3 қанатты зымыран мен бірнеше ұшқышсыз ұшақты атып түсірді",-деді.  

Ол зымырандардың нысанасы нақты анықталмағанын айтып: "Олар Израильдегі нысандарға бағытталған болуы мүмкін",-деп уәж айтты.

Пентагонның баспасөз өкілі мұнымен бір мезгілде: "Біз аймақтағы өз күштерімізге қарсы қоқан-лоқыға байсалды қараймыз",-деді.