Қаз 31, 2023 21:13 Asia/Almaty
  •  БҰҰ  ресми өкілі: Газада дереу атысты тоқтату өмір мен өлім мәселесі

БҰҰ-ның Палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі арнайы агенттігінің (UNRWA) басшысы Газада дереу атысты тоқтату оның тұрғындары үшін өмір мен өлім мәселесіне айналғанын ескертті.

 

Sky News арнасының хабарлауынша, ол агенттік қоймаларын азық-түлік пен басқа да көмек іздеген палестиналықтардың тонап кеткенінен кейін айтқан. Ол: «Азаматтық тәртіптің одан әрі ыдырауы UNRWA-ның Газадағы қызметін жалғастыруын өте қиын, тіпті мүмкін емес етеді» деді. Лаззаринидің Қауіпсіздік кеңесінде Газа секторына қатысты түсіндірмесі сионистік режимнің бомбалауына ұшыраған бұл аймақтағы гуманитарлық жағдайдың қараңғы бейнесін көрсетті. Спикерлердің барлығы дерлік Тель-Авив бейбіт тұрғындарды және олардың өмір сүру үшін негізгі қажеттіліктерін қорғауға міндетті екенін атап өтті.

БҰҰ-ның бұл қызметкері соңғы күндері Рафах өткелі арқылы Мысырдан Газаға кірген көмектің Газада қамалған екі миллионнан астам адамның қажеттіліктерімен салыстырғанда шамалы екенін баса айтты.

 

 

Тегтер