Амирабдуллахиан: Палестинадағы соғыстың кеңеюі тікелей сионистік режим мен АҚШ-қа бағытталған
Иран Сыртқы істер министрі Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен бірлескен баспасөз мәслихатында Палестинадағы қақтығыс тоқтамаса, соғыстың ауқымы мен өлшемдерінің кеңеюі сионистік режим мен АҚШ-қа тікелей әсер ететініне тоқталып: " Америка адамдарды өлтіруге толық қолдау көрсету жауапкершілігін мойындап, оның салдарын көтеруі керек",- деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Осы баспасөз мәслихатында Амирабдуллахиан Газа секторында тез арада атысты тоқтатудың қажеттілігін баса айтып: «Бұл біздің аймағымыз және біздің үйіміз және аймақ пен үй қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ешбір тарапқа көнбейміз»,-деді. Ол түрік үкіметі мен халқының Палестина халқын қолдауға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалай отырып, ол былай деді: "Мұсылмандар исламдық елдердің Израиль тауарлары мен энергиясына бойкот жариялау арқылы Палестина халқына қолдау білдіруін күтеді".
Түркия Сыртқы істер министрі Израильдің зорлық-зомбылықпен ешқайда жетпейтінін баса айтып: «Мақсатымыз астанасы қасиетті Құдс болатын Палестина мемлекетін құру",- деді. Хакан Фидан Газадағы бүгінгі жағдайды алаңдатарлық деп атап: «Газа халқының дәрі-дәрмек пен азық-түлікке қолы жетпейді, олар әлемнің көз алдында өлтірілуде, тіпті ауруханалар да нысанаға алынуда",- деп мәлімдеді.