Қар 02, 2023 14:26 Asia/Almaty
  • Иран 5 млн-ға жуық босқынды қабылдап отыр

Иранның Ұлттық миграция ұйымының халықаралық қатынастар департаментінің директоры: "Қазіргі таңда Иранда 5 млн-ға жуық босқын өмір сүріп жатыр",-деді.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Рухолла Қадири Теһрандағы Финляндия елшісі әрі БҰҰ комиссарымен кездесуінде: "Босқындар саласын басқарудағы бейберекетсіздік халықаралық деңгейде қиыншылықтар тудырып отыр. ИИР мұндай жағдайдың туындауына еш қатысы болмаса да, басқа елдерден көбірек қысымға түсіп, 5 млн-ға жуық босқынды қабылдауға мәжбүр болып отыр",-деді.

Рухолла Қадири: "Халықаралық қауымдастық босқындар мәселесіне тұтастай атсалысуы керек, тиісті инфрақұрылым жасауда және түбегейлі мәселелерді шешуде шынайы рөл ойнауы тиіс, өз қызметін қысқа мерзімді әрі атүсті сипаттан орта мерзімді әрі стратегиялық сипатқа ауыстыруы қажет",-деді.   

Финляндия елшісі осы кездесуде ИИР-дың босқындар саласындағы әріптестігіне алғыс білдірді. 

Тегтер