Макрон Қазақстаннан уран алуды көздеп отыр
(last modified Thu, 02 Nov 2023 08:54:27 GMT )
Қар 02, 2023 14:54 Asia/Almaty
  • Макрон Қазақстаннан уран алуды көздеп отыр

Франция Президенті осы елді уранмен қамтамасыз етіп келген Нигерді уысынан шығарып алғаннан кейін сәрсенбі күні осы маңызды материалға қол жеткізу үшін Қазақстанға барды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Эммануэль Макрон Орталық Азияға сапарының алғашқы мақсатында сәрсенбі күні уранға бай Қазақстанға барды. Оның басты мақсаты – өзін уран шикізатымен қамтамасыз ету және Францияның АЭС-не пайдалы келісімшартқа қол қою. Бірақ Қазақстанда көптеген адамдар бұған риза емес.

Макрон Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде: "Қос тарап маңызды коммерциялық келісімшарттарға қол қоюды көздеп отыр",-деді.  

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан уранның мол қорына ие болғандықтан Макронның назарына ілікті. Қазақстан әлемдегі уран қорының 12 пайызын иеленіп отыр. 2021 жылы 21800 тоннаға жуық уран өндірді.

Францияны уранмен қамтамасыз етіп отырған елдердің бірі Нигерде шілде айында ресми үкімет құлатылғаннан кейін сенімсіз елге айналды. Сондықтан Макрон баламалы жолдарды қарастырып жатыр.

Ресей Батыс елдерінің Орталық Азияда дипломатиялық белсенділіктерді арттырып отырғанына алаңдаушылық білдірді. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров кеше: "Батыс елдері Ресейдің көршілері, достары мен одақтастарын одан алшақтатуға тырысып жатыр",-деді.    

Тегтер