Иранның өкілі: БҰҰ-ға мүше елдер Газа дағдарысына бейжай қарай алмайды
БҰҰ-дағы ИИР өкілдігі басшысының орынбасары Женевада: "БҰҰ-ға мүше елдер Газа дағдарысына бейжай қарай алмайды. Тағы бір босқындар дағдарысының қалыптасуын сырттан бақылап отыра алмайды",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мехди Әлиабади Халықаралық миграция ұйымының тұрақты комитетінің жиналысында сионистік режимнің шабуылдары салдарынан Газада туындаған гуманитарлық апатқа тоқталып: "Мұндай қатігез шабуылдар тағы бір босқындар дағдарысының туындауына әкеліп соқтырады. БҰҰ халықты мәжбүрлі түрде көшіруге бағытталған кез келген әрекетке қатысты кесімді де мықты позиция қабылдауы тиіс",-деді.
Мехди Әлиабади: "Газаға шабуыл жасаушылар осы сектордың тұрғындарын көшіріп жіберуге бел байлап отыр. Бұл – сионистік режимнің адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатқанының тағы бір дәлелі",-деді.
Мехди Әлиабади осыны негізге алып, халықаралық қауымдастықты сионистік режимді Халықаралық миграция ұйымынан шығару туралы ойлануға шақырды.