Канани: АҚШ Израиль режимінің мүддесі үшін адам құқығын құрбан етті
(last modified Fri, 03 Nov 2023 09:35:03 GMT )
Қар 03, 2023 15:35 Asia/Almaty
  • Канани: АҚШ Израиль режимінің мүддесі үшін адам құқығын құрбан етті

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "АҚШ пен бірнеше ел нәсілшіл қылмыскер Израиль режимінің мүддесі үшін БҰҰ-ны бұғаулап, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті және адам құқығын құрбан етті",-деді.

Насер Канани сионистік режимнің Джебелия лагеріне айуандықпен жасаған шабуылына реакциясында осы лагердің суреттерін X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялап: "Газа секторының орталығындағы әл-Бридж лагерінің сионистік режимнің шабуылынан кейінгі қирандылары Палестина халқының жойқын қырғынға ұшырап отырғанын көрсетеді",-деп жазды.

ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Әлемдегі барлық дерлік мемлекеттер мен халықтар сионистік режимнің Газа секторындағы Палестина халқына қарсы жойқын шабуылдарын тоқтатып, бітімге келуді талап етіп отыр. АҚШ пен бірнеше еуропалық ел ғана қалыс қалды. Олар әрдайым адам құқығын қорғау туралы жалған уәж айтып, басқа елдердің ішкі істеріне араласып келеді",-деді.  

Соңғы мәліметтер бойынша, осы күнге дейін Газада шәһид болғандар саны 9 мың адамнан асты, соның ішінде  3760 бала мен 2326 әйел қаза тапты, басқа 23 мың адам жараланды.

Тегтер