Исмаил Хания Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i73526-Исмаил_Хания_Ислам_революциясы_жетекшісінің_қабылдауында_болды
Бейруттегі ХАМАС-тың өкілі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның Теһранға барып, соңғы күндері Ислам революциясының жетекшісімен кездескенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 05, 2023 20:55 Asia/Almaty
  • Исмаил Хания Ислам революциясы жетекшісінің қабылдауында болды

Бейруттегі ХАМАС-тың өкілі Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияның Теһранға барып, соңғы күндері Ислам революциясының жетекшісімен кездескенін хабарлады.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Усама Хамдан: "ХАМАС-тың саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Хания бірнеше күн бұрын Теһранға барып, Иранның Ислам революциясы жетекшісімен кездесіп, сұхбаттасты",-деді.

Ол: "Бауырларымыз қарсыласу өзегінде біздің халқымыз, қарсыласу күштеріміз және халықтық қозғалыстарымызбен бірге болғанын мақтан тұтамыз",-деді.

Усама Хамдан: "Біз Ливанда исламдық қарсыласу күштерінің қолдауын мақтан етеміз. Ирак мен Йемендегі исламдық қарсыласу күштерінің жауынгерлеріне сәлем жолдаймыз",-деді.

Усама Хамдан: "Арабтардың ресми позициясы әлсіз. Газадағы қырғынның деңгейінде емес",-деді.