Раиси: Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасын дамыту керек
Иран Президенті екі елдің түрлі салаларда қарым-қатынасын нығайтып, дамытуға мүдделі екенін айтып: "Екі елдің Парламенттері ортақ келісімдерді орындауда маңызды рөл атқарады",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Тәжікстанға сапарының соңында осы ел Парламентінің Өкілдер палатасының төрағасы Мұхаммед Тахер Закерзадамен кездесуінде кен және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, газ-мұнай, су мен электр қуаты, инженерлік-техникалық қызмет көрсету және жол салу ісін Иран мен Тәжікстан арасында ынтымақтастықты дамытуға қолайлы салалар деп атап: "Екі ел сондай-ақ ортақ мәдениет пен тарихқа ие болғандықтан мәдениет саласында, әсіресе парсы тілін сақтау саласында әріптестікті нығайтып, келешек ұрпаққа осы құнді капиталды жеткізуде әсерлі рөл ойнай алады",-деді.
Тәжікстан Парламенті Өкілдер палатасының төрағасы да осы кездесуде Раиси үкіметінің көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайтуды басты басымдыққа айналдырғанына тоқталып, екі елдің мүддесін қамтамасыз ету үшін өзара сауда-экономикалық әріптестікті арттырудың тиімді де әсерлі екенін айтты.