Иранның Әділет министрі: Сионистік режим ешбір халықаралық заңға бағынбайды
Иранның Әділет министрі: "Сионистік режим өз айуандық әрекеттерімен ешбір халықаралық заңға бағынбайтынын көрсетті",-деді.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амин Хұсейн Рахими сәрсенбі күні кешке Теһранда Ресейдің Әділет министрі Константин Чуйченкомен кездесуінде: "Израиль АҚШ-тың қолдауымен адам құқығын бұзып жатқаны күмәнсіз. ИИР адам құқығы тұрғысынан геноцид және адамзатқа қарсы қылмысты айыптай келіп, Газада халықаралық құқық пен заңдарды бұзуды шұғыл түрде тоқтатуды талап етеді",-деді.
Рахими сондай-ақ АҚШ-тың Иран халқына қарсы зұлым санкцияларына тоқталып: "АҚШ-тың Иран мен басқа да бірнеше елге біржақты санкциялар салуы салдарынан науқастар дәрі-дәрмек ала алмай отыр. Бұл мәселе тарихта АҚШ үкіметінің үлкен қылмыстарының бір ретінде тіркеледі",-деді.
Ресейдің Әділет министрі де Газа секторында тез арада атысты тоқтату бітімін орнату керегін айтып: "Осы секторға гуманитарлық көмек жіберу үшін дәліздер ашуға жағдай жасау керек",-деді.