Maм 14, 2016 15:27 Asia/Almaty
  • Путин: Иран тарапынан ешқандай ядролық қауіп жоқ

Ресей Федерациясының президенті Иран тарапынан ешқандай ядролық қауіп жоқ екендігін баса айтты.

Спутник ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, РФ президенті Владимир Путин жұма күні аталмыш елдің әскери-өнеркәсіп кешенінің өкілдерімен кездесуінде АҚШ-тың Румынияда зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орналастыруына тоқталып: "Иранның ядролық бағдарламасының желеуімен іске асырылған АҚШ-тың Еуропада зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін құруға бағытталған өкінішті әрекеттерімен күресу үшін Мәскеу қажетті шара қолданады", деп мәлімдеді.

"Иранның ядролық қаупі деген сөздер қайдан шықты? Мұндай қауіп мүлдем жоқ",- деп баса айтты Путин.

Путин сөзінің жалғасында халықаралық жағдайдың жақсармағанына тоқталып: "Ресей алаңдаушылық білдіріп, бірнеше рет АҚШ-на әріптестік жасауды ұсынған болатын. Алайда шындығында Ресейдің сол ұсыныстарының ешқайсысы да қабылданбады.

АҚШ осы жасаған әрекеттері жайында сұхбаттасуды қалайды. Бұл ел нақты бір ұсыныс жасамайды. Оның бүкіл амал-әрекеттері біржақты. Америка әрекеттерін Мәскеудің алаңдаушылығына мүлдем көңіл аудармай жүзеге асыруда. Мұндай әрекет тек өкініш тудырады", - деді.

Тегтер