Раиси: АҚШ-тың Газаға қатысты кез келген ісі сәтсіз болады
Иран Президенті: "Газа халқы осы аймақтың жалпы дауысымен билікке келген заңды үкімет ХАМАС арқылы осы сектордың болашағына қатысты шешім қабылдауы тиіс. АҚШ-тың Газаның ішкі ісіне араласып, халықтың орнына шешім қабылдауға құқығы жоқ. Олардың осы салада атқарған кез келген шарасы жеңіліс табады",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси жексенбі күні кешке Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сұхбатасып, Иран мен Түркияны ислам әлемінде ықпалы зор екі мемлекет деп атап, екі елдің ынтымақтастығы ислам елдері арасындағы әріптестікке үлгі болады деп үміт білдірді.
Ибрахим Раиси АҚШ-ты Газа халқын өлтіруші деп атап, америкалықтардың Газаның болашағына араласуын палестиналықтарға қарсы қылмыстың жалғасы деп атады.
Түркия Президенті де осы сұхбатта Теһран мен Анкараның сындарлы қарым-қатынасына тоқталып, осы байланысты үздік деңгейге жеткізуге талпыну керегін айтты.
Ердоған сондай-ақ екі ел ынтымақтастығы жоғары кеңесінің жиналысын өткізуге дайын екенін айтты.