ХАМАС-тың жойылуы сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес
https://parstoday.ir/kz/news/world-i74068-ХАМАС_тың_жойылуы_сионистік_режимнің_қауіпсіздігінің_кепілі_емес
Ресей президентінің көмекшісі: «ХАМАС-ты жою сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 28, 2023 18:03 Asia/Almaty
  • ХАМАС-тың жойылуы сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес

Ресей президентінің көмекшісі: «ХАМАС-ты жою сионистік режимнің қауіпсіздігінің кепілі емес»,- деді.

 

Юрий Ушаков Газа секторындағы қазіргі апатқа әскери әрекеттер себеп болғанына тоқталып: «Тіпті ХАМАС-тың басын кесіп, Газа секторын қанға батыру арқылы да Израильдің қауіпсіздігіне кепілдік беру қиын»,- деп айтты. Осы ресейлік қайраткердің айтуынша, «сионистік режимнің ХАМАСқа қарсы әскери әрекеті бұл қозғалыстың белсенділігін шектеп қана қоймай, оның құдыретін күшейтеді».

Газа халқының қарсыласуын қолдауымен қатар Иордан өзенінің батыс жағалауы халқы да соңғы күндері тұтқындарының босатылуынан кейін шерулер өткізіп, қарсыласуын қолдайтындарын жариялады.